«Әліппе» деген аты қандай! » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
27
сентябрь
2021

«Әліппе» деген аты қандай!

1913 жылы Алаш ардагері Аxмет Байтұрсынов басып шығарған, ғасырдан астам миллиондаған жасөркенге оқу-жазуды үйреткен, қазаққа азық болып келген, тілі жеңіл, 105 жылдық тәжірибеден өткен әліппе 42 таңбадан тұратын қазақ жазуын қалыптастырды. «Әліппе» сонау балалық шақтың тәтті естелігі. Алғаш рет қолға қалам ұстатып, әріп танытқан ұстаз бен «Әліппе» оқулығына деген сағыныш әрбір жанның жүрегіне сәуле шашып тұратыны анық. «Әліппе» деген аты қандай! Бүгінгі кез келген саналы азамат сол «Әліппемен» өсті, есейді. «Әліппе» жүз жылдың ішінде, яғни бүгінгі заманның тілімен айтсақ, бренд ретінде қалыптасты. Баламыз әліппемен әріп таныса жаман болмайды. Көпшілік күткен оқулықтың басты ерекшелігі ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесіне негізделген. «Бірақ ондағы мазмұн, тапсырмалар жинағы заманауи кейіпкерлермен, қазіргі баланың танымына лайықты тілмен берілген. Жаңа оқулықта оқушылардың зейінін ашу, әріптерді үйрену, дыбыстарды меңгеру кезеңі қамтылған. «Балаға ең бірінші АР деген сөзді үйретейік», – деп Байтұрсынұлының өзі ұсынғандай, жаңа оқулықта әріптерді үйретудің реттілігі өзгерген. Мысалы, А әрпінен кейін Р әрпі өткізіледі. Төл оқулыққа қойылған басты талап – ұлттық құндылықтарға басымдық беру. Ахмет Байтұрсынұлының бастауыш мектептеріне арналған «Әліппе» оқулығын жазуда көрнекілік, түсініктілік, жүйелілік, өмірмен байланыстылық, т.б. дидактикалық ұстанымдарды, дамыта оқыту идеясын басшылыққа алғанын анық аңғаруға болады. Себебі, автор бұл еңбекте білім белгілі бір жүйемен, ретпен берілуін ескеріп, балаға әлі келетін білімді ғана ұсынған. Баланың ойлау қабілетін дамытумен қатар, оларды іс-әрекетке жаттықтыру қажеттігін де ескерген. Сөйлеу әрекетінің төрт түрі Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралының» өн бойында кездеседі. Мәселен, оқылым әрекеті буындап оқу, тұтас оқу арқылы; жазылым әрекеті сөздерді буындау, тасымалдау, көшіру, құрастыру, сөзден сөз тудыру арқылы; айтылым әрекеті сұрақтарға жауап беру арқылы; тыңдалым әрекеті жаңылтпаштарды есте сақтап, жатқа жазу арқылы жүзеге асырылады.
Қорыта келгенде, біз, Жамбыл облысы, Меркі ауданы №9 ЖОББ мектеп- лицейінің 1- сынып ұстаздары оқулық авторларына «Әліппенің» ең алдымен мемлекеттік стандартқа сай әзірленгені үшін алғысымызды білдіреміз.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив