«Ғылым және Инновация» » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
06
ноябрь
2023

«Ғылым және Инновация»

3.11.2023 жылы Мұхтар Әуезов атындағы мектеп лицейінде «Ғылым және Инновация» тақырыбында  магистр мұғалімдердің  ұйымдастыруымен  ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты мектеп мұғалімдеріне, жас мамандарға ғылыми  зерттеу жұмыстарының орындалу әдістемесін, заңдылықтарын меңгерту. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесінен ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетке бейімдеу. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау мәселелері мен ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастыру жолдарын қарастыру. Мектеп-лицейінің перспективалық даму жоспарына өзіндік үлестерін қосу, ықпал жасау болды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын (ғылыми жоба, авторлық бағдарлама, әдістемелік нұсқау, әдістемелік оқу құралы, ғылыми мақала жазу) орындау мәселелері, зерттеу тақырыптарын таңдау мен жұмыстың өзектілігін ашу жолдары қарастырылды. Олимпиадаларға, ғылыми жобаларға, байқауларға қатысатын мұғалімдер мен оқушыларға  ғылыми бағыт-бағдар берілді. Ғылыммен айналысатын мұғалімдерге сәттілік тілейміз! Ғылым жолындағы жетістіктеріміз көп болсын!


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив