«Ғылыми жоба дайындау әдістемесі» оқыту-семинары » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
» » «Ғылыми жоба дайындау әдістемесі» оқыту-семинары
13
январь
2023

«Ғылыми жоба дайындау әдістемесі» оқыту-семинары

Ғылыми жұмысқа дайындау – ізденіс әрекетіне бет бұру
Қазіргі уақытта мектебімізде оқушылар мен мұғалімдердің зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Оның басты мақсаты: оқушыларды өздігінен білім алуға ынталандыру, ізденіске баулу болып табылады. Осындай жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың білім мен біліктері артады.
Оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушы шығармашылығын дамытудың қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Қоғам қашан да қабілетті адамға мұқтаж. Оқушының өз бетімен жұмыс жасай білуі, ізденімпаздығы, шығармашылықпен жұмыс жасауы қазіргі кезде білім алудың алғышарттарының бірі болып саналады.
Осы орайда, 2023 жылы қаңтардың 12 күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде математика , физика және информатика пәндерінің әдістемелік айлығының жоспарына сәйкес информатика пәні мұғалімі, педагог-шебер Кунбасова Гаухар Саветкалиевна «Ғылыми жоба дайындау әдістемесі» тақырыбында мектеп ұстаздарына оқыту-семинарын өткізіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.Семинар барысында мектеп ұстаздары «Оқушыларға ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу не үшін қажет?» тақырыбында өз ойларымен бөлісті.
Сонымен қатар Гаухар Саветкалиевна ғылыми жоба дайындаудың әдіс - тәсілдері және тиімді жолдарына тоқталып, жақында облыстық ғылыми жобалар байқауының жүлдегері атанған оқушысы Мурадов Алиханның «3D - моделирование» тақырыбындағы ғылыми жобасымен педагогтарды таныстырып,  дайындық кезеңдеріне тоқталып өтті.
 Оқыту-семинарында  мектеп ұстаздары ғылыми жобаларды дайындаудың заманауи тәсілдерін меңгеріп, білім қоржындарын толықтырды.
Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет. Оқушылардың ғылыми жұмыспен айналысуы, болашақта өз ойын барлық жерде еркін айтып, жаңа жетістіктерден көрінетін оқушыларға айналары сөзсіз. 
Дарынды да, қабілетті оқушыларды ғылымға баулып, ғылым арқылы егемендігімізді нығайтуға үлес қосайық!




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив