07
ноябрь
2022
«Мектеп-лицей жағдайында эксперименттік алаң жұмысын ұйымдастыру бағыттары»
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Мектеп-лицей жағдайында эксперименттік алаң жұмысын ұйымдастыру бағыттары»
тақырыбындағы онлайн семинары
Ағымдағы жылдың 5 қараша күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің эксперименттік тәжірибе жұмысының жылдық жоспарына сәйкес «Мектеп-лицей жағдайында эксперименттік алаң жұмысын ұйымдастыру бағыттары» тақырыбындағы онлайн семинары өтті. Аталған семинардың мақсаты: «Мектеп – лицей жағдайында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары» тақырыбындағы эксперименталды алаң жұмысының теориялық негіздерін айқындау.
Алғашқы алғы сөзді мектеп-лицей директоры – Б.Т.Қыстауов алды. Өз сөзінде жас ұрпаққа экологиялық білім беруді жетілдіру педагогика ғылымында негізгі міндеттердің бірі, экологиялық тәрбие жұмысын мектеп жасындағы балалардан бастап жүргізу – бүгінгі күннің өмірлік талабынан, табиғи қажеттіліктен туындап отырған мәселе екенін айтып өтті.
Келесі сөз кезегі Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының Орта білім институты Дидактика зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, ғылыми жетекші - Ш.М. Шуиншина «Мектеп – лицей жағдайындағы экологиялық білім» тақырыбында ой бөлісті.
Сонымен бірге Өрлеу Ұлттық білім беру академиясының тренері Ф.Ж. Кулен "Экологиялық мәдениет" мәселесі қазіргі таңда жаһандық құзіреттілік курсының 1 юниті ретінде жүзеге асырылып жатқандығы жөнінде бөлісіп, эксперименттік тәжірибе жұмысы оқушылардың танымын кеңейтуге мүмкіндік алаңы болары сөзсіз деп өз тілегінде атап өтті.
Директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Э.Ж. Узбекбаев - эксперименттік тәжірибе жұмысының бағдарламасын, аталған жұмыстың мақсаты мен міндетін, қамтылатын кезеңдермен таныстырып өтті «Оқушылардың экологиялық тәрбиесі қоғам бейнесінде» тақырыбында әлеуметтік талдаушы Д.Қ.Оразымбетова, педагог – эколог - А.Е.Палахмет «Мектеп-лицей жағдайындағы экологиялық білімді қалыптастырудың мектептің оқу пәндерімен интеграциясы», қосымша білім беру педагогтері- С. А.Бейбіт, Г.Ж.Базарбай «Мектеп – лицей жағдайында экологиялық қосымша білім берудің басым бағыттары» тақырыптарында өз жұмыстарын таныстырды. Қорытынды сөз кезегін мектеп директоры Б.Т. Қыстауов: «Эксперименттік тәжірибе жұмысы оқушылардың экологиялық мәдениетін, санасын қалыптастыратын, әлемдік және отандық тәжірибелерді зерттеу арқылы және оны мектеп қабырғасында сынақтан өткізіп, әдіснамасын негіздеу экологиялық білімнің дамуына деген ықпалы жоғары болмақ!» – деп қорытындылады.