10
октябрь
2022
«МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ»
«МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ»
Облыстық білім басқармасының Эксперименталдық бағдарламалар кеңесіне сәйкес Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі «Мектеп-лицей жағдайында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ұйымдастыру-педагогикалық шарттары» тақырыбындағы эксперименттік жұмыс жоспарының теориялық кезеңін бастап кетті. Эксперименталды алаң жұмысының ғылыми жетекшісі - Шуиншина Шолпан Мырзақасымовна, Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің директоры - Қыстауов Болатбек Тәңірбергенұлы және директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары - Узбекбаев Эдуард Жаңабайұлы эксперменттік тәжірибе жұмысының жоспарына ZOOM платформасында кездесу өткізіп талдау жүргізілді. Алдағы уақытта эксперименталды алаң жұмысы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда үлкен маңызы зор, ұзақ мерзімді жобалардың бірі болмақ.