25
август
2022
Жамбыл облыстық "Орта білім беретін үздік ұйым"
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданы білім бөлімінің "Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі" тиімді педагогикалық және басқару тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату, педагогтар мен орта білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби және жеке тұлғалық өсуін ынталандыру, Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінің даму үрдісін анықтау мақсатында өткізілген Жамбыл облыстық "Орта білім беретін үздік ұйым" 34 млн теңге грантының иегері атандық. Бұл жетістік мектеп шығармашыл ұстаздарының тынымсыз еңбегінің тәтті жемісі. Облыс бойынша үздік ұйым атанған мектеп-лицейінің шәкіріттері білімді әрі бәсекеге қабілетті, дарынды әрі жан-жақты, ұстаздарымыз ұйымшыл әрі табысты болып, нәтижелі жұмыс атқару барысында бұдан да биік жетістіктерге қол жеткізеріне сеніміміз мол!