27
август
2022
Жемісті еңбек – жетістік баспалдағы
Жемісті еңбек – жетістік баспалдағы
Жамбыл облысы Меркі ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 26 тамызы күні «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Жиын барысында өткен оқу жылы қорытындыланып, жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудағы ұстаздарды толғандырып жүрген өзекті мсәселелер мен аймақтағы білім беру жүйесін жетілдірудегі негізгі мақсаттар мен міндеттер айқындалып, жалпы республикада білім саласына енгізіліп жатқан жаңалықтар таныстырылды. Конференция барысында 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша «Үздік білім беру ұйымы» 300 000 теңгенің сертификаты Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің директоры Қыстауов Болатбек Тәңірбергенұлына табысталды. Мереке қарсаңында шәкірттерге білім беру мен тәрбиелеуде нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізген ұстаздарға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің, облыстық білім басқармасының, аудан әкімінің алғыс хаттарымен қоса қаржылай сертификаттар табысталды. Атап айтсақ, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Султанғазиева Карлыгаш Даулетовнаға 100 000 теңге көлемінде сертификат, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Көкрекбаева Ләйлә Болысбековнаға 100 000 теңге көлемінде сертификат, Байтубаев Жандос Жанатұлына 50 000 теңгенің көлемінде сертификат, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Джазбақова Дәметкен Тобышқызына Оқу-ағарту министрінің Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтың Алғыс хаты, информатика пәнінің мұғалімі Пернебаева Құндызай Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Б.Жамангозовтың Алғыс хаты, орыс тілі пәнінің мұғалімі Идрисова Руфина аудан әкімі Ж.Н.Баубековтың Алғыс хатымен марапатталды. Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!