03
июнь
2022
"2022 жыл - Балалар жылы" аясында
"2022 жыл - Балалар жылы" аясында Жамбыл облысы әкімі Н.Нұржігітов 2022 жыл маусым айының 3-і күні Жамбыл облысындағы дарынды оқушылар - халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарының жеңімпаздарымен кездесу өткізді. Аталған кездесуге Меркі ауданы, Владимир Савва атындағы 9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің 4 оқушысы қатысты. Олар: Туркия елінде өткен халықаралық олимпиада жеңімпаздары - Әмірқұл Алишер, Жақсылық Данияр, Османов Османпаша және жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының республикалық кезеңінің жеңімпазы - Ковшик Дарья. Аталған оқушылар облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды және де Жамбыл облыстық білім басқармасы мен облыс әкімі 100 000 теңгелік сертификат табыс етті. Кездесу барысында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жүнісжанов Илияс Садыкжанұлы облыстың білім беру саласына қосқан үлесі үшін облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.