9-11 сынып оқушылары арасындағы математика пәні бойынша олимпиада » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
» » » 9-11 сынып оқушылары арасындағы математика пәні бойынша олимпиада
03
декабрь
2021

9-11 сынып оқушылары арасындағы математика пәні бойынша олимпиада

02.12.2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы, Еуразиялық Ұлттық университеті мен Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің арасында құрылған өзара ынтымақтастық мемарандум аясында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен, Меркі ауданы, В.Савва атындағы №9 ЖОББМЛ-де  ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 9-11 сынып оқушылары арасындағы математика пәні бойынша олимпиада ұйымдастырылып, өткізілді. Аталмыш додада облысымыздың түкпір-түкпірінен 120 оқушы мен 40-қа жуық жетекші-мұғалімдер Меркі ауданында бас қосты. Бұдан бөлек облыс көлемінде өткізілген аталмыш доданың қонақтары ретінде аудан әкімінің орынбасары  Бегалиев Берік Дүйсенбайұлы мен білім бөлімінің әдіскерлері де мектебіміздің төрінен орын алды.
  Сонымен қатар, мектеп қабырғасында дәл осы күні Тұңғыш Президент күніне орай "Ашық шахмат турнирінің" тұсаукесері өткізілді. Тұсаукесер іс-шарасында олимпиаданың комиссия мүшелері қатысып, қатысушыларға ыстық лебіздері мен жылы тілектерін жеткізді. Тұсаукесер лентасын ЕҰУ-нің механика-математика факультетінің деканы Қозыбаев Данияр Хайбилдаевич пен "Жамбыл дарыны" ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Джулдибаева Айлин Сакенқызы кесті. 
    Жалпы оқушылардың олимпиадаға толықтай жұмылдырылу уақытында  ұйымдастырушылар тарапынан мұғалімдерге арналған "Ғылыми жұмыстарды жасау кезеңдері" тақырынбында семинар өткізілді. Семинарға олимпиадаға келген жетекші-ұстаздар мен мектеп мұғалімдері қатысты.
      Облыстық олимпиада кезеңіне Меркі ауданынан 21 оқушы қатысты. Соның ішінде №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінен қатысқан 6 оқушы жүлдері орындарға ие болды. Атап өтсек:
11 сынып оқушысы Әшімбек Шаттық - І орын;
9 сынып оқушысы- Жуль Анастасия- II орын;
11 сынып оқушысы- Серікбай Бегайым III орын; 
10 cынып оқушысы - Жақсылық Диана III орын;
11 сынып оқушысы -Салиев Султан III орын;                                                                                                                   11 сынып оқушысы-Әшімбек Айдана III орын мен марапатталып, ауданымыздың мерейін асқақтатты. Олимпиадада топ жарып, үздік атанған 11 сынып оқушысы  Әшімбек Шаттық қаңтар айында Нұр-Сұлтан қаласы, Еуразиялық Ұлттық университетінің қабырғасында өткізілетін олимпиаданың Республикалық кезеңіне жолдама алды. Бұл-үлкен мүмкіндік! 
Барша жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз және білімді ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосқан ұстаздарымызға шексіз алғыс білдіреміз!




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив