03
май
2022
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір»
2 мамыр 2022 жылы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми – практикалық орталығы мен Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» қолдауыменмен Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» ЖҚБ ұйымдастыруымен егеменді еліміздің белсенді жастарының ойларын бір арнаға тоғыстыру; жастардың қоғамда өзекті мәселелерді шешудегі орнын қалыптастыру; азаматтық жауапкершілігі зор, интеллектісі жоғары, рухани жан дүниесі бай, эстетикалық жағынан дамыған және әлеуметтік бейімделген,әлеуметтік ұтқыр тұлғаны қалыптастыру мен дамыту мақсатында "Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына" орай облыстық мектеп оқушылары арасындағы пікірсайыс турнирі өткізілді. Аталған турнирге Меркі ауданы Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінен 9-сынып оқушыларынан құрылған "Kok Tu” фракциясы қатысып, "Үздік сараптама", "Үздік кейс" номинациясы бойынша дипломдармен марапатталды. Фракция спикерлері: "Ұшқыр ой алаңы" дебат қозғалысының мүшелері - Кеңесбай Назира мен Асхатұлы Бекнұр.