05
ноябрь
2021
"Жамбыл дарыны" аймақтық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы атты республикалық байқауының екінші облыстық кезеңі қараша айының (04 11.) жұлдызында онлайн форматта өтті.
Байқаудың мақсаты: Жас оқырмандардың кітап оқуға деген құштарлығын қалыптастыру, Отанымыздың тарихы, географиясы, астрономиясын терең зерттеуге, қазақ халқының мәдени дәстүрі мен мұраларын бойларына сіңіруге, сонымен қатар өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру және "Рухани жаңғыру" қағидаларын жүзеге асыру. Байқау ҚР-ның Білім және ғылым министрлігі ұсынған «Shugylakitap» баспасы әзірлеген кітаптардың мазмұны бойынша 5-7 сыныптың оқушылары арасында өткізілді:
Облыстық байқауға, ауданымыздың намысын 9 Владимир Савва атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің "Великая степь" командасы мен №6 Жалпы орта білім беретін мектебінің «Тәуелсіздік жұлдыздары» тобы қорғап шықты. Владимир Савва атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің оқушылары 3-орынды иеленсе, 6 мектептің оқушылары "Алғыс хапен" марапатталды. Бала-біздің болашағымыз. Балаға дұрыс бағыт- бағдар берсе, келешегі жарқын болары сөзсіз. Еліміздегі әрбір бала Қазақстанымыз жайлы кеңінен біліп, оның тарихын, кен байлығын, географиясын, белгілі адамдарын білгені абзал. Пән мұғалімдері, мектеп кітапханашылары, сынып жетекшілері, ата-аналары бірігіп атсалысса, алынбайтын қамал болмайтыны белгілі. Сонымен бірге, оқушылардың осындай іс-шараларға көптеп қатысса, көшбасшылық қабілеттері ашылатыны сөзсіз. Жүлделі орынға ие болған командаларды құттықтаймыз.