30
декабрь
2021
50 жылда Ел жаңа Сүйінші ағайын, сүйінші...
50 жылда Ел жаңа
Сүйінші ағайын, сүйінші....
Бүгін, мынандай құжатпен таныстық.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы
Нұр-сұлтан қаласы 2021жылғы 7желтоқсан
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы мемлекет меншігіндегі обьектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға,мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға және құрамдас бөліктерге атау беру және қайта атау мақсатында Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Нұр- Сұлтан қаласы әкімдіктері ұсынған құжаттардың негізінде төмендегідей қорытындыға келді: .....деп, 11 беттік хаттың ішінде
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің "Владимир Савва атындағы # 9 жалпы білім беретін мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін - "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейіні" коммуналдық мемлекеттік мекемесі,-деген атауы келді....Бұл, үлкен қуаныш. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесінің 30жылдық мерей тойына, тамыры терең тарихымызға құрметпен қарап, мемлекеттілігімізді қадірлеу мақсатында,
" Елбасының дербес ұлт жағдайында" деген сөздер...дем беретін, күш беретін...Ұлы сөздер емес пе?
Владимир Савва есімі ешқашанда ұмытылмайды. Ұмытылмайды да, ұлы тұлғалар тарих бетінде қала береді....