08
декабрь
2020
Республикалық олимпиадасының ІІІ облыстық кезеңі

Оқушылардың республикалық олимпиадасы дарынды балаларды анықтау және дамыту, оқушылардың ғылыми білімге қызығушылығын арттырудың тиімді нысандарының бірі болып табылады. Осы орайда, Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2020 жылғы 02 желтоқсандағы №370-Ө бұйрығына сәйкес, Меркі аудандық білім бөлімінің әдіскері Байтулекова Ж.Б. ұйымдастыруымен 2020 жылдың 7 желтоқсан күні Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицей базасында 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының ІІІ (облыстық) іріктеу кезеңі өткізілді. Олимпиадаға облыстық білім басқармасына қарасты «Дарын» орталығының бөлім меңгерушісі Сагындыкова Н.Ж. төрешілік етті.
Олимпиадаға аудандық кезеңде жоғары ұпай жинаған:
- Агриненко Ксения №9 ЖББМЛ
- Ярных Ангелина , Болатбек Аяла №17 ЖББМГ
- Қанат Ілияс, Клемм Виолетта, Мұқатай Жанель, Молдакерім Кәмшат №39 ЖББМГ
- Баталова Александра №44 ЖББМ
- Шарипова Сабина №18 ЖББМ
- Эргашев Ислам, Тасқара Ай, Асқар Бекжан №5 ЖББМ қатысты.
Олимпиадаға қатысушылар, жалпы білім беретін бағдарламалар негізінде математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі мен қазақстан тарихы пәндері бойынша бақ сынады. Ауданымыздың намысын қорғайтын оқушыларымызға сәттілік тілейміз