Стандарт жобасындағы өзгерістер мен толықтырулар
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында және оқу бағдарламаларында оқытудың күтілетін нәтижелері қайта қаралуда. Цифрлық дағдыларды қалыптастыру және дамыту, жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.
Үлгілік оқу бағдарламаларында мазмұны академиялық білімді игеруге, дағдылар мен құзыреттерді дамытуға, STEM-тәсілдер негізінде оқытуға, тәрбиелік компонентті күшейтуге бағытталған. Оқу бағдарламаларының мазмұнына өзгерістер МЖМБС күтілетін нәтижелеріне сәйкес оқыту мақсаттарын қайта қарау, құндылықтарды оқу мақсаттарына интеграциялау, зерттелген материалды күрделілігі мен көлеміне қарай қайталауға және бекітуге уақыт бөлу, тақырыптарды зерделеуде сабақтастықты, дәйектілікті және тізбектік (көлденең және тік) қамтамасыз ету, пәнаралық байланыс пен интеграцияны ескере отырып енгізілді. Сондай-ақ білім алушылардың жас және физиологиялық ерекшеліктері назардан тыс қалмады.
Посмотреть онлайн файл: standart-zgers-goso_19112024_kaz1-1.pdf













