19
март
2025
«Жалынды жастар – көктемі» атты экологиялық акция
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім мектеп-лицейінде ағымдағы жылдың 19 наурыз күні Наурызнамаға сәйкес «Жаңару күніне» орай «Жалынды жастар – көктемі» атты экологиялық акция ұйымдастырылды.
Мақсаты: табиғаттың жандануын атап өту, адамдардың бір-біріне деген сыйластығын арттыру, ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту және ұрпақтар сабақтастығын сақтау.
Аталған шараға мектебіміздің эковолонтер , экоклуб және 7 сынып оқушылары белсене ат салысты. Жалпы шараға 70 оқушы қатысты.