05
декабрь
2025
Халықаралық еріктілер күніне орай мектебімізде экологиялық бағыттағы шара
Бүгін 5 желтоқсан Халықаралық еріктілер күніне орай мектебімізде экологиялық бағыттағы ауқымды шара өткізілді. Шараны мектептің экоклубы, эковолонтёрлері және экомедиалаб мүшелері бірлесіп ұйымдастырып, оқушыларға табиғатты қорғаудың маңызын кеңінен түсіндірді.Іс-шара барысында жас экологтар бейнежобалар таныстырып, экосана қалыптастыруға бағытталған ойындар мен ақпараттық алаңдар ұйымдастырды. Қатысушылар қоршаған ортаны сақтау жолдары, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптау, мектеп ішіндегі экомәдениетті нығайту туралы пайдалы мәлімет алды.