15
май
2025
АТА - АНА ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ
🔰 Мектеп пен Ата - ана бірлесе жұмыс жасау бірлік пен оқушының білім сапасымен қоса тәрбиесінің дамуына үлкен септігі бар екендігі белгілі. Осы қадамды ұстана отырып Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылатын Ата - аналармен педагогикалық қолдау сабақтарын экологиялық біліммен интеграциясын жүзеге асыра отырып, экологиялық мәдениетті дамытудағы бірнеше аспектілер мен қадамдар жүйесі таныстырылды. Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері жәнe Эксперимент мүшесі Педагог - эколог Сыдықова Гүлім Дүкенбайқызының ұйымдастыруымен өткен шараға мектебімізден 70ке жуық ата - ана қатысты.🔰Бұл бірлескен сабақ аясында қазіргі таңда болып жатқан климаттық өзгерістер, экологиялық мәселелер айтылып оқушыларымыздың қоғамдағы экологиялық ережелеріне көңіл бөліну қажеттілігіде ескерілді.
🔰Ата - аналарға арналған жадынама таныстырылып қоқыстарды сұрыптау бойынша демонстрация жүргізілді!
🔰Ата - аналар өз пікірлерін білдіріп таныстырылған ережелер балалардың өміріне, денсаулығына да пайдалы екендігімен бөлісті!
#ecology #мейірімдібол