06
апрель
2026
«Табиғатты қорғау – әр адамның міндеті» мен «Денсаулықты сақтаудың қарапайым жолдары»

2026 жылы 6 сәуір күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 7 “Ә” сынып оқушыларымен «Табиғатты қорғау – әр адамның міндеті» мен «Денсаулықты сақтаудың қарапайым жолдары» тақырыптарын кіріктіре отырып өткізілді.
🔰Сабақта оқушылар табиғат пен денсаулықтың байланысын түсініп, жеке және топтық тапсырмалар орындады.
🔰Қауіпсіздік бөлігінде суда өзін ұстау ережелері қарастырылды. Сабақ соңында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, қорытынды жасады. Жалпы сабақ экологиялық мәдениет пен салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды.