03
апрель
2026
«Құстар – біздің досымыз» атты сыныптан тыс іс-шара
М.Әуезов атындағы жалпа орта білім беретін мектеп-лицейінде 3.04.2026 жылы эксперимент алаңы мұғалімдерімен 4 «А» сынып оқушыларына «Құстар – біздің досымыз» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілдіІс-шараның мақсаты – оқушыларды құстарды қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Сабақ барысында педагог-эколог Ұ.Жұман оқушыларға құстардың түрлері мен ерекшеліктері туралы мәлімет беріп өтті. Сонымен қатар оқушылармен шығармашылық жұмысты қосымша білім беру педагогы С.Бейбіт оқушыларға мақал-мәтелдердің жалғасын табумен, қызықты құстар жайлы жұмбақтар жасыру арқылы тіл байлығын арттырды. Практикалық бөлімде еңбекке нұсқаушы Ғ.Базарбай құс ұясын құрастыру жұмысын жүргізіп, оқушыларға құс ұясына ат қойып, құстарға қамқорлық жасауға үндеу жасады. Іс-шара соңында оқушылар табиғатты қорғау және құстарға қамқор болу қажеттігін түсінді. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, ұйымшылдық пен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді