02
апрель
2026
Меркі өңірінің ресми сайтын таныстыру сабағы (интеллектуалды-танымдық іс-шара)

2026 жылы 2 сәуір күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде оқушыларға Меркі өңірінің ресми сайтын таныстыру сабағы (интеллектуалды-танымдық іс-шара) өткізілді.Аталған іс-шараның мақсаты – оқушыларға туған өлке туралы цифрлық ресурстар арқылы жан-жақты ақпарат беру, олардың танымдық қызығушылығын арттыру және туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру!
Іс-шара барысында оқушылар сайт құрылымымен танысып, оның негізгі бөлімдерін қарастырды, өңір туралы жаңа мәліметтер алды және өз пікірлерімен бөлісті. Таныстырылым оқушылардың туған жерге деген қызығушылығын арттырып, оны тереңірек танып-білуге ынталандырды.
https://merkeoniri.tilda.ws/#rec1932427221