“2025 жыл - Жұмысшы мамандықтарының жылы”
2025 жылдың 29 қаңтарында Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту мақсатында кәсіптік бағыт - бағдар беру педагогтері Ж. Иманбаева мен Н. Абаеваның ұйымдастыруымен “Мамандықтар марафоны” атты іс-шара өткізілді.
Мақсаты-оқушыларды мамандықты дұрыс таңдауға дайындау, танымдық қызығушылықты жандандыру. Қатыса отырып, балалар өздерінің білімдерін, логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін және зейінін көрсетті. Іс-шара қызықты болды және болашақ мамандықты таңдауға оң ықпалын тигізді.
Биыл мемлекет басшысы “2025 жыл - Жұмысшы мамандықтарының жылы” деп атаған болатын. Осы орайда 7-8 сынып оқушылары түрлі саладағы мамандықтар жөнінде өздерінің презентацияларын қорғады.

