Ақпарат
М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп лицейінде 11 сынып оқушыларымен Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының мамандарымен кездесу болды.
Мақсаты: Оқушыларға мамандықты таңдауға кәсіби бағдар беру.
Мамандықтар туралы қөзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық алу үшін бағыт - бағдар беру.
Кездесу барысында:
1. Декан Нурбеков Т.Б.
2. Жалпы педагогика кафедра меңгерушісі Елюбаева Р.А.
3. Қазақ тілі және әдебиет кафедра меңгерушісі Беркенбаева Р.А.
4. Шет тілдері кафедра меңгерушісі Рысалдиев Ш. М. Білім алушыларға оқуға түсудің артықшылықтары, студенттерге берілетін жеңілдіктер, мамандық дайындау деңгейлері, білім бағдарламалары туралы кең көлемде ақпарат берді.
Кездесу соңында, түлектер өз сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды. Білім алушыларға брошюралар таратылып берілді.

