«Әскери мамандығы: таңдау, талап, тәртіп»
2026 жылы 06 ақпан күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейіміздің түлегі қазіргі Алматы қаласы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының курсанты Бердибеков Акімбек Алибекұлы және 10-11 сынып білім алушыларымен «Әскери мамандығы: таңдау, талап, тәртіп» атты кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты – жастарды әскери қызметтің ерекшеліктерімен таныстыру, бұл мамандықты таңдаудағы негізгі талаптар мен қызметтік тәртіптің маңызын түсіндіру, сондай-ақ құқық қорғау саласындағы кәсіби жол туралы кең ақпарат беру. Институттың басты мақсаты — Құрлық әскерлері құрамында қызмет ететін жоғары білікті офицерлік кадрлар даярлау. Ол Қазақстан Қарулы күштерінің заманауи талаптарына сай әскери білім берумен қатар, тактика, басқару, әскери техникалар мен логистика бойынша да терең білім береді. Маңыздылығы: жастардың кәсіби бағдарын айқындауға және заң мен тәртіпке құрметін арттыруға ықпал етеді. Жауапты: АӘД Байтубаев Ж. КББ педагогтары Ж.Иманбаева, А.Байкулова.


