19
октябрь
2022
«Зерде» республикалық зерттеу жобаларының мектепішілік кезеңі
Бүгін мектебімізде 2022-2023 оқу жылындағы 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобаларының мектепішілік кезеңі болып өтті. Бұл конкурстың мақсаты - балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады. Аталған байқауға 2 мен 7 сынып оқушылары арасынан Оразбай Айғаным, Айбекұлы Жәнібек, Кетпенбай Әмина, Рыскул Адемы, Камчибек Айзере, Қойшыбай Жансая, Серік Айлу қатысты. Қатысқан әр оқушының бойынан зерттеушілікке деген қызығушылық, шығармашық ойлар, ізденімпаздылық қасиеттері табылды. Әр оқушы мен олардың жетекшілері зерттеу жұмыстарын толық, талапқа сай орындап, жұмыстарын қорғап шықты.
Бірінші орынды 3 «Ә» сынып оқушысы Оразбай Айғаным «Тик-ток әлеуметтік желісі қауіпті ме?» тақырыбымен және 5 «А» сынып оқушысы Қойшыбай Жансая «Zoonyms in Kazakh and English languages» тақырыбында иеленіп, аудандық кезеңге жолдама алды.
Екінші орынды 3 «Ә» сынып оқушысы Айбекұлы Жәнібек, Кетпенбай Әмина иеленді. Екінші орын алған жас зерттеушілер де аудандық кезеңге жолдама алды.
Ал Рыскул Адемы, Камчибек Айзере 3нші орынды иеленді. Ал Серік Айлу «Жас тарихшы» деген номинацияға иеленді.
Аудандық кезеңде оқушыларымызға сәттілік тілейміз!