03
март
2023
"Қыз - ұлт болашағы" атты байқау
"Қыз - ұлт болашағы" атты байқау
Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай қасиеттерге бағыт-бағдар бере отырып, олардың бойында қарапайымдылық, әсемділік, өнерге қызығушылық, сахна мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, салт-дәстүрімізді ары қарай жалғастыруға себепші болуға баулу мақсатында 8-10 сынып қыздары арасында «Қыз -ұлт болашағы» атты көктем аруы байқауы өткізілді. Байқау 1. «Мен қазақтың қызымын» өзін-өзі таныстыру, 2. «Өнерлі өрге жүзер» өз өнерін көрсету, 3. «Қыздарға әсемдік жарасады» ұлттық киім үлгісін көрсету, 4. «Ас әзірлеу білеміз бе?» өз қолымен нанды жайып, кеспе кесу атты кезеңдер арқылы өтті. Байқауға 11 қатысушы қыздар қатысты. Қыздарымыз өте жоғары дәрежеде дайындалған. Әр кезең бойынша өз өнерлерін ортаға салды.
Бас жүлдеге 10 «А» сынып оқушысы Алтынбекқызы Сезім, 1 орынға Айдарбек Аружан, 2 орынға Амантай Аяулым, 3 орынға Жайлаубек Мөлдір ие болды.