19
октябрь
2023
«Республика күнінің маңызы: дерекнамасы мен мазмұны»
«Республика күнінің маңызы: дерекнамасы мен мазмұны» атты тақырыпта диалог алаңы.
Мектебімізде 19 қазан күні «Республика күнінің маңызы: дерекнамаы мен мазмұны» атты тақырыпта 9 «а» сыныбымен тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен диалог алаңы өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.
- Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Іс - шара басында оқушылар орындарынан тұрып Әнұранды орындады. Оқушылар 25қазан Республика күнінің шығу тарихына кеңінен тоқталды.
1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады.Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды.Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылы 25 қазан Республика күні деп қайта заңды түрде бекітті.