27
сентябрь
2023
11- сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізілді
2023жылы қыркүйек айының 27-сінде Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде бітіруші 11- сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Жиналысқа ата-аналармен қоса, пән мұғалімдері, оқушылар қатысты. Мақсаты: 2023-2024 оқу жылындағы ҰБТ бойынша өзгерістерді оқушылар мен ата-аналарға таныстыру. Алдымен қолайлы орта қалыптастыру мақсатында мектеп психологтары психологиялық тренинг жүргізді. Жиналысты әрі қарай директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Д.Жазбақова “ҰБТ-2024” - нормативтік құжаттармен таныстырды. Ағымдағы оқу жылында 11-сыныптар бойынша барлығы 41 оқушы ҰБТ-ге баратындығын атап көрсетті. Кәсіби бағдар беру педагогі Л. Нұрсеитова мамандық таңдау жайлы баяндамасын оқыды. Мектеп директоры Н.Койшиманова оқушылар мен ата- аналарға алға қойған мақсаттарына жетіп, әрқайсысы бір мамандық иесі атануына жылы лебізін білдіріп, ақыл-кеңесін аямады. Мектеп тарапынан қосымша сабақтардың ұйымдастырылып өтіп жатқанын да ескертті. Жиналыс соңында пән мұғалімдерімен консилиум өткізілді. Әрбір ата-ана өз баласының сабақ беріп жүрген пән мұғалімдеріне барып, оқу үлгерімі жайлы ақпарат алды.