04
ноябрь
2023
Күнде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз.
Күнде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз.
Сыныптар арасында кітап оқуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырсақ қана кітап оқитын ел бола аламыз. Ал жас ұрпақтың функционалдық сауатты болуы үшін балалардың көркем әдебиет оқуы өте маңызды.
«Кітап оқу адамның дүниетанымын кеңейтеді, сыни тұрғыдан ойлауды дамытады, шығарма кейіпкерлерінің бойында бейнеленген мінез-құлық үлгілерін меңгеруге көмектеседі, жалпы алғанда, адамды тәрбиелейді. Біз бәріміз әртүрлі себептермен оқимыз: біреулер ой-өрісін кеңейту үшін, басқалары жұмыс үшін ақпарат алу үшін кітап алады, ал кейбіреулері бос уақытын қызықты ету үшін. Бірақ қандай себептер болса да, оқу сауаттылығын дамыту маңызды.