21
декабрь
2023
«Читательская грамотность как основа успешности обучающихся при подготовке к МОДО»
20.12.2023 ж М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінде «Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек» тақырыбындағы онкүндік аясында «Читательская грамотность как основа успешности обучающихся при подготовке к МОДО» атты шеберлік сынып өтілді.Мақсаты: оқушылардың оқу әрекетінің күшті және әлсіз жақтарын анықтау,пән мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету оқу – тәрбие үдерісін жетілдіру. Шеберлік сынып барысында орыс тілі пәнінің мұғалімдері: Султангазиева К.Д, Карабалаева А.Ч және Козыбагарова А.Б ББЖМ –нің өткізілуі бойынша спецификациямен, оның ішіндегі оқу сауттылығы бойынша тапсырмалардың ерекшеліктерімен таныстырды. Козыбагарова А. Б оқу сауаттылығын дамыту үшін тиімді әдіс-тәсілдермен бөліссе,Султангазиева К.Д оқушыларды білім мониторингіне дайындауға арналған тапсырмалар қорын көрсетумен қатар өз тәжірибесімен бөлісті. Шеберлік сыныпты қорытындылай келе Карабалаева А. Ч оқушыны ББЖМ-ға дайындау үшін тестілеу жұмысын жүргізу, жүйелі талдау нәтижелерімен жұмыс істеу, оқушылардың оқу әрекетінің күшті және әлсіз жақтарын анықтау бойынша әдістемелік көмекпен ұсыныстар берудің нәтижелі жұмысқа алып келетінін тілге тиек етті.