27
декабрь
2023
Ата-аналар жиналысы
2023 жылдың 26 желтоқсан күні Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 11 «А,Ә » сыныптары ата-аналарымен жиналыс болып өтті.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер:
* 1. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық нәтижелерімен танысу
* 2. Білім сапасы
*3. Мереке күндеріндегі қауіпсіздік.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры Койшиманова Нұрила Сейсембаевна екі сыныптың ҰБТ-ға дайындық мақсатында алынған сынама тесттер нәтижесіне сараптама жасады. Алдағы уақытта қаңтар айындағы ақылы тестке тіркелуі туралы жан-жақты мәліметтер берді. Ата-аналарға қысқы демалыс кезінде оқушылардың қосымша сабаққа келуін қамтамасыз етуді тапсырды. Екінші мәселе бойынша сынып жетекшілер І жартыжылдық білім сапасы туралы таныстырды. Білім сапасы 11 «А»сыныбында 70,6% ал 11 «Ә»сыныбында 66% білім сапасы көрсетілді. Өткен тоқсанға қарағанда өсу динамикасын көре аламыз.
Сондай-ақ мектеп директоры Нұрила Сейсембаевна негізгі мәселе Мереке күндеріндегі балалардың өмір қауіпсіздігі және тәртіп туралы айтты. 28 желтоқсан күні сағат 14.00-17.00 аралығында жаңа жылдық кеш болатынын жеткізді. Ата-аналарға кеш аяқталған соң балаларды өздері алып кетуін және сынып жетекшілер әрбір баланың үйіне аман-есен жетуін әкімшілікке хабарлап отыруын тапсырды. Мереке күндері балаларының тәртіпсіздікке жол бермеуі, пиротехникалық заттарды қолданбауы туралы ескертті. Қорыта айтқанда, аталған мәселелерді басты назарға алуды ескертті.