БОС ЖҰМЫС ОРНЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ.
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» КММ
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
1) «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» КММ
Мекеменің мекен-жайы: Жамбыл облысы Меркі ауданы Сарымолдаев ауылы Т.Рыскулов көшесі 63Г
телефон нөмірі: 87263243900, электрондық пошта: savva9_merke@mail.kz
2) негізгі функционалдық міндеттері :
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы»
№338 Бұйрығының 5-параграф 2 –тарауына сәкес.
Еңбек ақы төлеу мөлшері: 160000-200000 тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты). Толық жүктемемен тұрақты бос мектепалды даярлық сыныбының педагогі;
3) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде жұмыс өтілі: педагог-модератор және педагог-сарапшы үшін – кемінде 2 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 3 жыл, педагог-шебер үшін-5 жыл;
және (немесе) біліктілігінің орта деңгейі болған кезде жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл.
4) құжаттарды қабылдау мерзімі: 4-12 қаңтар 2024 жыл
Конкурс өткізу күні: 16 қаңтар 2024 жыл сағат 15:00 басталады;
5) Қажетті құжаттар тізбесі:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш, бекітілген нұсқа бойынша;
- жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықтымекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға
қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; - еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін
атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). - психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы
біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); - уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы(бекітілген үлгіде).
- тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480