Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
» » Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы
24
январь
2024

Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы

Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы 
Бүгін, 24.01 күні мектебімізде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Қатысқаны: 126 ата-ана .
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1.Мектептің даму жоспары: Мектеп басшысы  Койшиманова Н.С
2.Жанұяда зорлық-зомбылық болмасын: ДҚТЖО  А.Иманжанов 
3.5-8-10 сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінен және 9-11 сынып оқушыларына негізгі пәндерден мемлекеттік емтиханның өтілуі туралы түсіндірме жұмыстары: Е.Литвинова 
4. Суицидтің алдын алу жолдары: мектеп психологы П.Байтугелова 
5. Мамандық таңдауда ата-ананың көмегі, ықпалы: ДОІЖО Д Жазбақова 
6."Қызды қырық үйден тыю" ДТЖО Н.Анисова 
7. "Бала біздің болашағымыз" тренинг. Мектеп психологы С.Абашева
8.Әртүрлі мәселелер.
Бүгінгі,  күн тәртібіндегі қойылған мәселелер толық қамтылып,  ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге, ата-аналар жиналысына АІІБ полиция қызметкерлері: Ж.Мыңбай, А.Мәшірханов,  А.Исахметов және мектеп инспекторы А.Маңызқызы қатысып, статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, ұрлық, зорлық-зомбылық, түнгі уақыттағы қауіпсіздігі жайында толық әңгімелер жүргізді. Жолда жүру қауіпсіздігі, электро мопедтермен жүруге болмайтындығы түсіндірілді. 
Мектеп басшысы Н.Сейсенбаевна мектептің  ішкі жұмыстарымен, жоспар ларымен, қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстарымен жан-жақты түсіндірді. Үйірме жұмыстары, жобалар, тәрбие бағытта, оқу-білім саласы бойынша мәліметтер берді.  Е.Литвинова 5-8-10 сынып оқушылары биылғы оқу жылында қазақ тілі пәнінен мемлекеттік емтихан тапсыратыны жайында, мұғалімдер оқушылармен консультация жұмыстарын жүргізетіні, мемлекеттік тіл басты тақырыпта тұрғаны жайында әңгімелеп берді.  Мектеп психологы П.Байтугелова Суицид жасауда Ресей мен Қытай және Қазақстан алдыңғы орында екені жайында деректермен бөлісті.Бұл, ойлантатын жағдай.  Баланың көңіл- күйінің бұзылуы және басқа психикалық бұзылулар,  көбінесе жас кезінде көбіне бақылаусыз қалған, денсаулығында мәселелері бар адамдардың 90 пайызы барады. Сондықтан алдын алу жұмыстарымен айналысуға шақырды. Баламен әрқашанда жарқын әңгімелесу, ойын тыңдау, қамқор болу, көңіл бөлу сияқты  жағымды қарым-қатынас қалыптастыруға шақырды. 
"Қызды қырық үйден тыю" тақырыбында қыз баланың бойындағы тән, тәлім-тәрбиесін жоғары бағалап, қыздарды адамгершілікке, ізгілікке, әдептілікке,  ар- ұяттылыққа, нысаптылыққа, мәдениеттілікке, тәртіптілікке, еңбек сүйгіштікке,сұлулыққа баулу керектігі айтылды. Мектеп психологтары жағымды тренинг өткізіп, әрдайым баламен болуға шақырды.







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив