02
февраль
2024
🔰“ECOVOLUNTEER” еріктілер тобы
🔰“ECOVOLUNTEER” еріктілер тобы
♻️Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде волонтерлік ұйымды дамыту, мектептегі белсенді оқушыларды ECOVOLUNTEER еріктілер тобына шақыру мақсатында "ECOVOLUNTEER” еріктілер тобына қабылдау рәсімі өтті. Мемлекет басшысы волонтерлікпен айналысу қазақ халқының бойында бар асыл қасиет екенін еске салып, ата салтымызды қайта жаңғыртудың сәті келгеніне тоқталды.«Игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау – халқымыздың көне заманнан келе жатқан дәстүрі. Біз осы дәстүрді сақтап қалуымыз керек. Себебі біреуге қол ұшын созып, қолдау көрсету – қанымызға сіңген қасиет. Халқымызда осындай береке-бірлікке шақыратын «Асар» дәстүрі бар. Бұл – ғасырлар бойы құндылығын жоймаған ата салтымыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халқымыз. Волонтерлік қызметтің басты мақсаты да – бірге жұмылып, халыққа қызмет ету».Шара барысында белсенді оқушылар ерікті түрде клуб мүшелігіне қабылданды. Болашақта жүргізілетін жұмыстарының жоспары жасалынып, алдағы уақытта нәтижелі жұмыс істеуге бел буды.