02
февраль
2024
Кәсіби бағдар беру
Меркі ауданы Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп- лицейінің 9-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру,бағыттау мақсатында"Диана" дүкенінің қасынан ашылған кондитерлік өнімдерді пісіру орнының меңгерушісі Лейла Исмаилованың жұмыс орнына саяхат жасалды, кәсіпкер тәтті тоқаштарды қалай пісіру керектігі туралы түсіндірді.
"Сәлем" кафесінің аспазшы Ажибаева Сымбат және "Шебер" дүкеннің иесі кәсіпкер Серикқали Нұрсултан Серікқалыұлының жұмыс орнына саяхат жасады.
Мақсаты:Білім алушыларға кәсіби бағыт- бағдар беру және мамандық таңдауда дұрыс көзқарас қалыптастыру кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын оятуға бағыт беру.
Оқушылардың мамандықтар туралы көзқарасын дамыту,алдағы уақытта дұрыс жолда болуына себепкер болу,таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау.