06
март
2024
TALIS-2024 халықаралық білім беру мен оқыту зерттеуі.
TALIS-2024 халықаралық білім беру мен оқыту зерттеуі.
TALIS мектептегі білім беру ортасы мен педагогтердің еңбек ету жағдайларын қарастыратын ең ауқымды халықаралық зерттеу. TALIS зерттеуі 2008 жылдан бері өтіп жатыр, 2018 жылдан бастап Қазақстан ағымдағы 2024 жылы екінші рет қатысып отыр.
Беделді TALIS зерттеуінің негізгі ерекшеліктері:
• мұғалім мамандығын дамытуға және тиімді оқыту мен оқу үшін жағдайды жақсартуға ықпал ететін саясатты қарастыруға және әзірлеуге мүмкіндік береді;
• мұғалімдерге, мектеп басшыларына және білім беру саласындағы мүдделі тараптарға өз тәжірибесін ой елегінен өткізуге, талқылауға және оны жақсарту жолдарын табуға көмектеседі;
• ағымдағы тәжірибе мен білімді негізге ала отырып, болашақ зерттеулерге өз үлесін қосады.
Осыған орай, Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі TALIS-2024 халықаралық зерттеуіне таңдап алынған мектептердің қатарында болып, мектепте 2024 жылдың 6 наурыз күні TALIS зерттеуінің негізгі кезеңі өткізілді,Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасынан зерттеуді үйлестіруші Жамалбекова Шафиға Мамырхановна қатысты. Мектебіміздің 5-9 (10) сынып оқушыларына сабақ беретін барлық мұғалімдерінің арасынан TALIS командасы және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» білімді зерттеу және бағалау ұлттық орталығы арқылы кездейсоқ таңдалған 20 педагог және мектеп-лицей директоры Койшиманова Нурила Сейсембаевна TALIS-2024 халықаралық зерттеуіне қатысып, мұғалім мамандығын дамытуға және тиімді оқыту мен оқу үшін жағдайды жақсартуға өз үлестерін қосты.
TALIS зерттеуіне қатысқан ұстаздарымызға алғыс білдіреміз!
https://www.facebook.com/100042310572768/videos/934881914934241/