"ProEco" экологиялық жобалар байқауының облыстық кезеңі

2024 жылдың 15 наурызында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу және экологиялық сауаттылықты арттыру, экологиялық мәдениет қалыптастыру, табиғатты қорғау қызметіне бейімдеу, мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Нәтижесінде, мектеп-лицейінің 8-сынып оқушылары Ж.Жеңісхан (жетекшісі - Ғ. Базарбай) мен А.Қарсақбай (жетекшісі - М. Қылышбаева) жүлделі 1-орын иегері атанып, республикаға жолдама алды.

Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз! Республикалық кезеңге жолдама алған оқушыларға сәттілік тілейміз!
