27
март
2024
«Педагогикалық әдеп» кеңесінің жұмыс жоспары бойынша 27 наурыз күні «Менің педагогикалық тұлғалық орным»
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп лицейінің «Педагогикалық әдеп» кеңесінің жұмыс жоспары бойынша 27 наурыз күні «Менің педагогикалық тұлғалық орным» тақырыбында мектептің педагогтар ұжымы және жас мамандарымен семинар тренинг өтті.
Максатымыз: Жас мамандарға кәсіби іс-әрекетіне бейімделуге, педагогикалық шеберлігінің қалыпты дамуына, педагогикалық әдеп нормаларын ұстануға, шығармашылықпен еңбек етуге деген бағытында кеңес, көмек беру.
Семинар тренингте «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр-сырын меңгермейінше, педагог ұстаздық шеберлікке қолы жетпейді» деп ұлы педагог К.Д.Ушинский айтқандай, ұстаздың кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп пен педагогтың бойында болу керек қасиеттер мен педагогтерге қойылатын талаптар айтылып өтті. «Миксер» тренингі арқылы «Менің таңбам» жаттығуы», «Педагогикалық әдеп» қағидаттарына байланысты постер қорғалды.
Тренинг барысында жас мамандарға мұғалімге тәне екі қасиет:
- Өзінің кемшіліктерін түсінуге көмектесетін - қарапайымдылық.
- Өзін-өзі жетілдіруге деген – құлшыныс пен талпыныс туралы бағыт бағдар берілді.