13
апрель
2024
Тоғыз айға тоғыз іс-шара
Тоғыз айға тоғыз іс-шара
Бүгін, Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – лицейінде «Шахмат ойнау» челленджі өткізілді.
Мақсаты: Білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту
Міндеттері:Оқушылардың шахмат ойнауға қызығушылығын қалыптастыру, сыни және логикалық ойлауын дамыту, челленджге қатысушылары арасында қарым – қатынасты жақсарту, оқушылардың арасында шахмат ойынын кеңінен насихаттау болатын.
Сонымен «Шахмат ойнау» барысында ұстаздар да қатысты. Мектебіміздің мықты ойыншысы, облыстық жеңімпаз Кармаев Илья мектеп басшысы Нұрила Сейсенбаевнамен әңгімелесе отырып, шахматқа деген қызығушылығы жайында әңгімелеп берді. Илья біздің мектебіміздің дарынды түлегі.
Шахмат ойнау челлендж оқушылардың зияткерлік қабілетін шахмат ойыны арқылы дамтыуды дәріптеу болып табылады. Шахмат екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады. Ойын тақтасы 64 шаршыдан тұрады. Ойының басында әрбір ойыншының иелігінде ақ немесе қара түсті он алты тас (шахмат фигурасы) болады: бір патша, бір уәзір, екі піл, екі ат, екі тура және сегіз пешка. Ойынның мақсаты қарсыластың тастарын шабуылдай отырып, патшаға мат қою. Күнделікті шахмат ойнау челленджін жалғастырайық