25
май
2024
Тәрбие сағаты Білімім -Отаныма!
https://www.facebook.com/reel/1152104739249282
Білімім -Отаныма!
Бүгін, 24 мамыр күні мектебімізде оқу жылының аяқталуына орай 1 – 11 сыныптар арасында «Білімім – Отаныма!» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу болатын. Тәрбие сағатына барлық білім алушылар және ата – аналар қатысты. Тәрбие сағатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны жанды дауыста орындалды. Сынып жетекшілер оқушыларды құттықтап, бүгінгі тақырыппен ауқымды таныстыра отырып, Оқу-ағарту министрінің жалпы республиканың білім алушыларына арналған құттықтау сөзі тыңдалды. Ғани Бейсенбаевтың серпінді сөзі, оқушыларға шабыт берді. Сонымен қатар, алдын ала түсіріліп дайындалған әр сыныптың балаларының жыл бойы халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық білім жетістіктері мен тәрбие тағылымы бойынша бейнероликтер көрсетіліп, әр баланың жақсы қасиеті, үлгілі істері, ерлік көрсеткен тұстарына ерекше назар аударып, алған білімдері мен көрсеткен көрсеткіштері бойынша әр сынып жетекшілері оқушыларды марапаттап өтті. Жоғары сынып оқушылары ""Мен. Мектеп. Ұстаз" тақырыбында мектеп қабырғасындағы балалық шақтан болашаққа қадамы туралы өз ойларынан эссе жазды
Сонымен бірге бүгінгі " Білім-Отаныма" тақырыбындағы сынып сағатына 10 "а" сынып жетекшісі С.Пакрадинованың тәрбие сағатына аудандық білім бөлімінің басшысы Алтынбаева Айгерім Аханқызы қатысып, түлектерге, оқушыларға жақсы тілектерін айтып ізгі ойын жеткізді. Оқушылар тәрбие сағаты барысында өздерінің келешекте Елге, Отанға өз үлестерін қосатынын үлкен мақтанышпен жеткізді. Жетістікке жеткізудің сыры қажырлы еңбекте, Отанды шын сүюден"- деп мектеп басшысы Н.Сейсенбаевнада балаларды патриоттыққа, үлкенді құрметтеуге, келешекте елге адал қызмет жасауға шақырды.