Білім сапасын қамтамасыз етудің тиімді тәжірибесі » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
» » Білім сапасын қамтамасыз етудің тиімді тәжірибесі
28
май
2024

Білім сапасын қамтамасыз етудің тиімді тәжірибесі

Білім сапасын қамтамасыз етудің тиімді тәжірибесі 

(2023-2024 оқу жылының қорытындысы)


Мектеп – мемлекеттің экономикасының, мәдениетінің, жалпы қоғамның өмір сүру сапасы мен бәсекеге 
қабілеттілігін анықтайтын  жүйе. Сондықтан да кез келген мемлекеттің алдағы 10-15 жылдағы болашағын 
бүгінгі мектептің деңгейі, оның білім сапасы, балалардың әлеуметтену деңгейі арқылы болжауға болады.
        Ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасы арасындағы алшақтықты азайту – білім беру саласындағы 
мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты болып табылады. Мәселені шешу барысында Ұлттық баяндама мен 
Ұлттық баяндаманың Жол картасы әзірленді.  «Жайлы мектептер» салу бағдарламасын ,
 «Қазақстан халқына» қорынан республиканың тірек мектептерін (ресурстық орталықтарын) жабдықтау
 жобасын іске асыру, іріктеу және оқыту нәтижелері бойынша аса өзгермелі жағдайларда басқаруға дайын 
кәсіби көшбасшыларды іріктеу, даярлау және басқа да бірқатар жүйелі шаралар жүзеге асырылуда.
     Ел дамуының негізгі кілті сапалы, қолжетімді және заманауи білімде. Ауданымыздағы жүз жылдан
 астам тарихы бар білім ордасы 2018 жылы,  біздің өнірдегі гимназия мен лицейлер желісін кеңейту 
аясында лицей мектебі мәртебесін алды.

      Мектептің білім сапасы соңда жұмысты істейтің педагогтердің сапасына тікелей байланысты. 

Бұл дидактиканың негізгі қағидаты. Бүгін біздің мектебімізде 184 педагог дәріс беруде, оның 

174 (95%)  жоғары білімді болса, 10 (5%)   педагог арнайы орта білімді, 24(13 %)  педагогте 

  магистр ғылыми дәрежесі бар. «Педагог-шебер»-3( 1,6 %), «Педагог-зерттеуші»-24(13%), 

«Педагог-сарапшы»-27(15%), «Педагог-модератор»-42(23%). Яғни ұжымның сапалық 

құрамы 52%. Педагогтердің орташа жасы 36 жас болып келеді. 

Білім сапасына үлкен әсер ететің фактордың бірі - мектептің материалдық-техникалық базасы. 
Мектепте сапалы, заман талабына сай білім беруге барлық жағдай жасалған: жаңа модификациялы 
физика, химия, биология кабинеттері,  интерактивті тақтамен жабдықталған 10 кабинет, робототехника 
және лингафон кабинеттері, кітапханада электронды оқу залы, қыздар мен ұлдарға арналған шеберханалар,
 мәжіліс залында цифрлық ледэкран. Мектеп-лицейінің оқу ғимараты 100 м/битті құрайтын кең жолақты
 интернет желісіне қосылған. 

         Осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып мектеп-лицейі 5-11 сыныптар аралығында оқу бағдарламалары негізінде жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді тереңдетіп және кеңейтіп оқытуды жүзеге асырады. Лицей сыныптарында барлығы 498 бала (50%) білім алса, оның ішінде  математика пәнінен 209 оқушы (42%) тереңдетіп, 289 (58%) оқушы кеңейтілген түрде,  жаратылыстану пәнін 150 оқушы (30%) тереңдетіп, 65 оқушы  (13%) кеңейтілген түрде, биология пәнін 45 оқушы (9%) тереңдетіп, 155оқушы  (31%) кеңейтілген түрде, физика пәнін 94 оқушы (19%) тереңдетіп, 125 оқушы  (25%) кеңейтілген түрде оқыса, ал информатика пәнін 255 оқушы (51%), география пәнін 82 оқушы (16%), химия пәнін 104 оқушы (21%) кенейтілген түрде білім алуда.

Мектебімізде балалардың бос уақытын  тиімді пайдалану мақсатында  спорт бағытында шахмат, тоғызқұмалақ, баскетбол валейбол, кіші футбол, дойбы, асық ату, бестас үйірмелеріне барлығы 985 оқушы (58%) қатысса,  академиялық бағытта «Зияткер» дебат қозғалысына, кіші олимпиада мектебіне, «Жас ғалым» ОҒҚ, «Жас эколог» клубына  187 оқушы (11%) қамтылған, өнер мен көркем эстетикалық бағытта   хореография, «Үкілім-ай» домбыра, «Шебер қолдар» үйірмелеріне 153 оқушы (9%), жалпы мектеп бойынша 1699 оқушының 1325-і яғни 78 % қосымша білім алуда. Мектептен тыс ұйымдарында 30% жуық яғни 509 бала қосымша үйірмелермен қамтылған, бұл жасөспірімдердің позитиві әлеуметтеніне үлкен әсер ететің үлкен жүйе болып табылады. 

Оқушылармен, ата-аналармен және қоғаммен идеологиялық жұмысты жандандыруға бағытталған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде мектебімізде ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығы жұмыс істей бастады. Балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды педагогикалық қолдауды ұйымдастыру құрамы және "Даналық мектебі" құрылды. Ұлттық және жалпыадамзаттық  құндылықтарды бойына сіңірген, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар ұрпақ тәрбиелеу жұмысында аталардың ұйымдастыруымен 305 оқушы(18%) қамтылған 4 іс-шара, әже мектебінің ұйымдастыруымен 615 оқушы(36%) қамтылған 8 іс-шара, аға мектебінің ұйымдастыруымен  182 оқушы(11%) қамтылған 4 іс-шара,  жеңгелер кеңесімен 628(37%) оқушымен 8 іс-шаралар  атқарылды. 

        Сонымен қатар,  оқушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру және дамыту лицей мен гимназия мектептерінің негізгі жұмыс бағыты болып саналады. Соңғы 4-5 жыл бұрын мектеп педагогтары ауыл жағдайында оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша біраз зерттеулер жүргізіп, педагогикалық жинақ негіздері жүйеленіп 2022-2023 оқу жылнан бастап «Мектеп-лицей жағдайында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ұйымдастыру-педагогикалық шарттары» тақырыбында педагогикалық эксперимент жұмысын бастады. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыратын мектеп негіздемесі және жұмыс ережесі, қажетті оқу құралдары, ақпараттық-коммуникациялық құралдар, жаңа технологиялар, кадрлық құрам, эксперименттік тәжірибе алаңдары, лабораториялық орталықтар, оқушылар үлесі, экспериментті жүргізу орны, қаржылық қолдау ұйымдастырылды. «Smart-жылыжай» STEM-жобасында жоспарлаған жұмыстарды пәннің мазмұнында қарастыру үшін физика, химия, биология, георгафия пәндерінің оқу бағдарламасымен байланыстырады. Ерте жастан экологиялық білім беруде, бастауыш сыныптарға «Жысыл мектеп» жобасы, қоқысты сұрыптауға арналған «Birgemiz: TAZA ALEM»  және «Эковолонтер» жобалары жүзеге асырылуда. Эксперимент аясында республикамыздың   ғылыми-зерттеу институтарымен меморандум жасалып, тәжірибелік алаңдарды қолдану арқылы экологиялық өнімдер алуды, жасалған  оқу-әдістемелік құралдарды республика көлемінде тарату жоспарлануда.

      Әр мектептің алған асуы, шыққан шыңы оқушылар мен педагогтердің жетістіктерінен  байқалады. Педагогикалық ұжымның жүйелі жұмысы және педагогикалық тәжірибенің ғылыммен тығыз байланысы, 2023-2024 оқу жылы халықаралық Анталия қаласында өткен Халықаралық «Robotex Turkiye- Antalya sampiyonasi 2024»   байқауында Тұрғынбай Нұрғиса, Саутбек Хамза информатика пәнінен ІІ орын иеленіп Сертификатпен марапатталып Италия қаласына жолдама алды. Жетекшісі информатика пәні мұғалімі М.Такебаев .

Республикалық кезеңінде Ауыл олимпиадасының  республикалық кезеңінің Күміс медаль иегері Клюшниченко Виктория (орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІ орын жүлдегері) жетекшісі: Р. Идрисова, Қола медаль иегері Мададова Наргиза (Орыс сыныптарындағы қазақ тілі  пәнінен ІІІ орын жүлдегері) жетекшісі: Ұ. Рахаева. 

5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының жеңімпаздары І дәрежелі дипломмен Жеңісхан Жалғас, жетекшісі: Базарбай Ғалымжан, Қарсақбай Ардақ ІІІ дәрежелі дипломмен  марапатталды. Жетекшісі: Қылышбаева Махаббат. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жүлдегері Иванченко Вероника  орыс тілі мен әдебиет пәнінен ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: А. Козыбагарова. 6 сынып оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары Демченко Марк, Турсыналы Адема, Оразхан Ерасыл дипломмен марапатталды. Жетекшісі: пән мұғалімдері  Хатуева О, Айтимбетова Ж, Рахаева Ұ, Козыбагарова А, Садыкова З, Оспанова Г, Нәметқұл Қ, Мәндібет Г, Шажалиева Г, Халықова М, Анисова Н. «М. О. Әуезовтің рухани шәкірттері» аймақтық ғылыми жобалар байқауының М. О. Әуезов және әлем әдебиеті» секция бойынша жүлдегері Серік Айлу ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Г. Мәндібет. 

Облыстық кезеңінде «Менің кіші отаным» атты облыстық конкурсының «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі диплом иегері Жақсылық Қарақат. Жетекшісі: тарих пәні мұғалімі С. Пакырадинова. «Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңінде «Эссе жазу» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі диплом иегері Өркенқызы Құралай. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г. Жуматаева. «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасына қатысқаны үшін Джульфаева Севиля алғыс хатымен марапатталды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі М. Мушенова. 9 сынып оқушылары арасында математика пәні бойынша «Дарынды математик» атты облыстық олимпиада иегері Жақсылық Қарақат ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Н. Байтанаева. 2-7 оқушылары арасындағы «Зерде» Республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінің ІІІ дәрежелі диплом жүлдегері Өмірзақ Алинұр. Жетекшісі: ағылшын тілі пәні мұғалімі Г. Жансейтова. Республикалық VIII «Шерхан Мұртаза оқулары» байқауының облыстық кезеңінде «Рух пен намыстың төресі» бағыты бойынша ІІІ дәрежелі диплом иегері Асқар Ерасыл. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г. Жуматаева. 8-11  арасында өткізілген облыстық «Қазақтың бір туар ұлы-Дінмұхамед Қонаев» шығармашылық байқауының «Қазақ халқының кеменгер ұлы Дінмұхамед Қонаев» ғылыми жоба бағыты бойынша Амантай Аяулым ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Л. Абуева. 2023 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде екі оқушы қатысып Жақсылық Қарақат ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды. Жетекшісі: тарих пәні мұғалімі С. Пакырадинова, химия пәнінен ІІІ дәрежелі диплом иеленді Шарипова Мариям. Жетекшісі: И. Авдонькина. «Шәкәрім жүрген ізбенен» атты облыстық байқауға қатысқаны үшін Көбен Халима сертификатпен марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г. Жуматаева. 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен VI «Абайтану» облыстық кезеңінде ІІІ дәрежелі диплом иеленген Өркенқызы Құралай. Жетекшісі: Г. Жуматаева. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ауыл мектептеріне   арналған облыстық олимпиадаға қатысып І орын иеленген оқушылар Джульфаева Севиля қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жетекшісі: М. Мушенова, Доктор Балнұр ағылшын тілі пәнінен жетекшісі: Р. Дуйсекулова, Қабылбек Медина, Клюшниченко Виктория орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жетекшісі: Р. Идрисова. Мададова Наргиз қазақ тілі мен әдебиеті (орыс сыныптарында) жетекшісі: Ұ. Рахаева. ІІІ орын иегерлері Рашид Нұржан ағылшын пәнінен жетекшісі: Г. Сулаева, Шарипова Мариям Құқық негіздері пәнінен жетекшісі: Е. Садыков. Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадада орыс тілі пәні бойынша Досқара Ұлжан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Г. Альсереева. Облыстық «Табиғат лирикасы» тақырыбындағы шығармашылық байқауының «Туған өлкем, табиғатың қандай көркем» бағыты бойынша ІІ, ІІІ дәрежелі диплом иегерлері Кикнадзе Эльвина, Ғалымжан Алихан. Жетекшілері: көркем еңбек пәні мұғалімі Д. Кикнадзе, бастауыш сынып мұғалімі Н. Кужабекова. «Тәуелсіз Қазақстан жаңа ғасырда» тақырыбында өткен дәстүрлі «Өлке өркениеті» атты IV облыстық деңгейдегі жас суретші- шебер байқауына қатысып белсенділік көрсеткені үшін «Қолөнер» номинациясы бойынша І,ІІІ дәрежелі дипломмен Қаржовбай Жансая, Кеңесбек Марал, Рысқұл Айерке марапатталды. Жетекшісі: көркем еңбек пәні мұғалімі А.Каирходжаева. 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен Ұлттық олимпиадасының облыстық кезеңінде Смаилова Аружан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: география пәні мұғалімі З.Садыкова. 

      Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадасында 9-11 сыныптар арасында облыстық кезеңінде орыс тілі пәні бойынша Иванченко Вероника І дәрежелі диплом иегері атанды. Жетекшісі: орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Козыбагарова,  қазақ сыныптарындағы орыс тілі пәні бойынша Қасым Жанэля І дәрежелі дипломмен марапатталды. орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі К. Бектенбаева. Құқық негіздері пәні бойынша ІІ дәрежелі диплом иегері Таниберген Алтынай. Жеткешісі: Құқық негіздері пәні мұғалімі С.Пакырадинова, биология пәні бойынша Асхатұлы Бекнұр ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: биология пәні мұғалімі Ж. Сыдыкова. 2024 жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиада терең білімімен ерекшеленгені үшін Асхатұлы Бекнұр грамотамен марапатталды. Жетекшісі: биология пәні мұғалімі Ж. Сыдыкова. Білім сайыстарында өз білімімен жоғары жетістіктерге қол жеткізген және өңір намысын абыроймен қорғағаны үшін Клюшниченко Виктория, Мададова Наргиза Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі: орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Р. Идрисова,  қазақ тілі мен әдебиеті (орыс сыныптарында) жетекшісі: Ұ. Рахаева. Облыстық «Eko- Science» атты ғылыми жобалар байқауының «Жасыл экономика», «Қоршаған ортаны қорғау» бағыты бойынша қатысқан оқушылар Өмірбек Әлинұр, Кендебай Назерке, Торалы Нұрбол, Қарсақбай Ардақ, І, ІІ, ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі А.Нұрмаханова, экология пәні мұғалімі Ж.Асланбек, бастауыш сынып мұғалімі Т. Тулебаева, экология пәні мұғалімі Ғ.Базарбай. 5-8 оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңіне қатысып Қарсақбай Ардақ, Жеңісхан Жалғас І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: биология пәні мұғалімі М. Қылышбаева, экология пәні мұғалімі Ғ. Базарбай. 5-6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде Бейсембай Ақзере, Касапчиева Эльвана, Ерлан Ерсұлтан І, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р. Идрисова, қазақ тілі мен әдебиеті (орыс сыныптарында) жетекшісі: Н. Акетаева, жаратылыстану пәні мұғалімі Э. Узбекбаев. 7-11 сынып білім алушылар арасында «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтетін Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінде «Сөз шеберлері» байқауының жүлдегері Кадирова Милана І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г. Тулекова. ІІ Республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауының облыстық кезеңіне қатысып жеңімпаз атанған Жанғабай Фариза ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж. Ибрагимова. «Компьютерлік әзірлемелер робототехника» номинациясы бойынша Болат Еркебұлан І дәрежелі диплом, «Мобильдік робототехника» құзыреттілігі бойынша «Қыз қуу» жарысында А. Қалбан  ІІІ орын алғаны үшін марапатталды. Жетекшісі: информатика пәні мұғалімі Г. Елубаева. 

    Мектебіміздің оқу мен тәрбиелеу  жүйесін саралай отырып, оның маңызды бөлігі мектепті дамыту
  стратегиялық  бағыттарын 3 жылға  айқындадық. Олар:
  1. Облыс орталығындағы үздік лицейлердің білім беру қызметтерінің сапасындағы алшақтықты нөлге дейін төмендету;
  2. Өңірімізде кеңінен таралатын экомектеп үлгісін құру;
  3. Ауыл мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін облыстағы ауыл мектептерінің өзара әрекеттесуінің желілік моделін әзірлеу және енгізу.





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив