23
ноябрь
2021
"Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасы таныстырылды.
Бүгін Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде педогогикалық ұжымның қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №726 қаулысымен бекітілген "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасы таныстырылды. Ұлттық жоба аясында барлық білім беру деңгейлерінде білім алушылардың білім сапасын арттыру мақсатында анықталған міндеттер; 1-міндет. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету. 2-міндет. Орта білім беру сапасын арттыру: Қазақстанның өңірлері, қалалық және ауылдық мектептері арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты қысқарту. PISA нәтижелері бойынша халықаралық зерттеулер нәтижелер алшақтығын қысқарту.
3-міндет. Мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз ету мәселелері мемлекетіміз ерекше көңіл бөлуде. Сондықтан да, білім сапасын арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізу керектігіне баса назар аудартты.