25
октябрь
2024
"Төрт тоқсанға-төрт өнер”
Ақындар айтысы - 2024
2024 жылдың 24 қазанында "Төрт тоқсанға-төрт өнер” атты ұлттық мәдени-ағартушылық жобаның аясында оқушылардың бойында өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, эмоционалды интеллекті қалыптастыру, шешендік өнердің баға жетпес мұрасын дәріптеу арқылы дарынды шығармашыл жастарды анықтау мақсатында, 25 қазан республика күні қарсаңында Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде "Ақындар айтысы - 2024" байқауы өткізілді. Айтысқа 7-8 сынып оқушыларынан барлығы 14 оқушы 7 жұп қатысып, сүбелі сөздерімен орамды ой айта білді. Жүзден жүйрік шыққан айтыскерлеріміз дипломдармен марапатталды.