27
декабрь
2024
Қош, келдің Жаңа Жыл!
Мектебімізде 25,26,27 желтоқсанда «Қош келдің жаңа жыл!» атты жаңа жыл кеші өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен достықпен бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып , көңілді өткізу. Ұлу жылы өз қорытындысын жасап, келе жатқан Жылан жылына сәттілік тіледік. Кешіміздің басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақарда келіп, оқушыларды жаңа жылмен құттықтап, балалардың көрсеткен өнерлерін тамашалады. Оқушылар жасыл шырша жанында ән-жырларын орындап, естелікке ата-аналарымен суретке түсіп көңілді өткізді. Мереке кейіпкерлері балаларға көңілді кеш сыйлады.
Жаңа жыл – Жылан жылы әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.



