14
февраль
2025
Ата-кәсіп берекенің бастауы.
Ата-кәсіп берекенің бастауы.
Мақсаты: Мамандық таңдауда ата ақылының маңыздылығын түсіндіру
Міндеттері:
1. Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныстыру
2. Мамандық таңдауда баланың бойындағы қасиетіне қарай оң шешім
қабылдауға жетелеу
3. Мамандық таңдауда назар аударатын кей мәселелермен таныстыру.
Ұлттық құндылық:
«Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл!»
Күтілетін нәтиже:
Аталардың мамандық туралы көзқарастары дамиды;
Баланың мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына ықпал етеді;
Мамандық таңдауда баланың бейімділігі мен қабілетінің сәйкес келуін
қадағалайды.
Қазақта «Балам-балым, баланың баласы – жаным» деген әдемі сөз бар. Осы сөздің астарында
қаншама тәрбие мен мән-мағына жатыр. Аталар немерелеріне өз ақыл-кеңестерін айтып, немерелеріне көңіл бөлетіндерін жеткізді. Видео роликтер көрсетіліп, ортақ талдау жүргізілді. Оқушылар өз болашақтарын үйдегі үлкендермен ақылдасатынын жеткізді.