БОС ЖҰМЫС ОРНЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ. » "Общеобразовательная школа-лицей имени Мухтар Ауезова"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Мұхтар Ауезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-39-00
Есепші бөлімі:
+7(7263) 24-39-00
Версия
для слабовидящих
» » БОС ЖҰМЫС ОРНЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ.
12
январь
2026

БОС ЖҰМЫС ОРНЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ.

БОС ЖҰМЫС ОРНЫНА  КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ.

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» КММ
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
1) «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» КММ
 Мекеменің мекен-жайы: Жамбыл облысы Меркі ауданы  Сарымолдаев ауылы  Т.Рыскулов көшесі 63Г 
телефон нөмірі: 87084559872, электрондық пошта: savva9_merke@mail.kz 
2) негізгі функционалдық міндеттері :
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы»
№338 Бұйрығының 11-параграф  80 –тарауына сәйкес.
 Лауазымдық міндеттері:
11-параграф. Білім беру ұйымының педагог-ассистенті
      80. Лауазымдық міндеттері:
      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы бойынша ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
      балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау мақсатында мамандар мен педагогтердің командалық бағалауына, сондай-ақ жеке білім беру және дамыту бағдарламаларын құрастыруға қатысады;
      білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған оқу және өзге де қызмет кезінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға, олардың өзіндік қызметі денсаулық жағдайы мен мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты шектелген жағдайда, көмек көрсетеді, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;
      оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстары процесінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар бала туралы деректерді бақылауды жүзеге асырады және жинақтайды, білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, білім беру, әлеуметтік-бейімдеу (мінез-құлық) дағдыларын қалыптастыру серпінін хаттамалауды жүргізеді және баланы оқыту және әлеуметтендіру процесін мониторингтеу үшін тәрбиешілер мен мамандарға ақпарат береді;
      ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың өмір сүру қауіпсіздігі мен денсаулығының қажетті жағдайларын сақтайды;
      белгіленген нысан бойынша есептік құжаттаманы жүргізеді.

Еңбек ақы төлеу мөлшері:     120000-150000 тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты). 
 Бір жүктемемен  уақытша  бос педагог-ассистент лауазымына - 1 педагог.
3) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: 
      жоғары педагогикалық білімі және (немесе) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (педагогикалық) білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
      және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.  
 Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
      1) "педагог" эмоционалды-еріктік саласы, Зерде, көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған білім алушыларға ұйымдасқан оқу және түзету-дамыту қызметінің барлық түрлерінде орын ауыстыру, өзіне-өзі қызмет көрсету кезінде ілесіп жүру керек; әр түрлі нанымдар мен көзқарастарға төзімділік, білім беру процесіне қатысушылардың мәдени алуан түрлілігіне ашықтық таныту және инклюзивті білім беруді, оның ішінде қоғамның ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарға толерантты көзқарасын насихаттауды жүзеге асыру. 
2) "педагог-модератор"  "педагог" біліктілігіне ұсынылатын кәсіби құзыреттіліктері, сондай-ақ: дамуындағы ауытқуларды психологиялық-педагогикалық диагностикалаудыауи әдістерін білу; мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін бағалау дағдысының болуы; тәрбиешінің басшылығымен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрі – ПМПК), консилиумның ұсынымдарын орындау және білім беру және түзету-дамыту процесінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру;
 3) "педагог-сарапшы": "педагог-модератор" біліктілігіне ұсынылатын кәсіби құзыреттіліктері, сондай-ақ: дамуындағы ауытқуларды психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың заманауи әдістерін білу; білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін бағалау дағдысының болуы; мұғалімнің басшылығымен ПМПК, мектеп консилиумының ұсынымдарын орындау және білім беру және түзету-дамыту процесінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру; дамуындағы ауытқуларды психологиялық-педагогикалық диагностикалау әдістерін қолдану, психологиялық-педагогикалық тексеру нәтижелерін жүргізу және талдау; білім алушылардың білім алу қажеттіліктеріне байланысты білім беру бағдарламаларын бейімдеудің, жеке-дамытушы (мінез-құлық) бағдарламаларды әзірлеу мен іске асырудың кәсіби құзыреттеріне ие болу; ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу, дамыту және оқыту мәселелері бойынша консультация беру;
      4) "педагог-зерттеуші": "педагог-сарапшы" біліктілігіне ұсынылатын кәсіби құзыреттері, сондай-ақ: дамуындағы ауытқуларды психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың заманауи әдістерін білу; мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін бағалау дағдысының болуы;  тәрбиешінің басшылығымен ПМПК, консилиум ұсынымдарын орындау және білім беру және түзету-дамыту процесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру. ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мазмұны мен технологиялары бойынша кәсіби құзыреттілікке ие болу; мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында педагог-ассистенттің жұмысын үйлестіру дағдысының болуы (жеке білім беру және түзету-дамыту бағдарламаларын бейімдеу және іске асыру, ұйымдастырылған қызметтің барлық түрлерінде түзету-дамыту қолдауын көрсету бойынша); педагог-ассистенттер қызметінің тиімділігіне мониторинг жүргізу;
      инновациялық педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, мотивациялық, диагностикалық, түзету, коммуникативтік, консультациялық, әдістемелік қызметті жүзеге асыру, жеке білім беру және түзету-дамыту бағдарламаларын сынақтан өткізу бойынша жұмысты жүргізу; барлық деңгейдегі инклюзивті білім берудің озық тәжірибесін зерделеу және енгізу;
      5) "педагог-шебер": "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мазмұны мен технологиялары бойынша кәсіби құзыреттілікке ие болу; педагог-ассистенттер қызметінің тиімділігіне мониторинг жүргізу; инновациялық педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, мотивациялық, диагностикалық, түзету, коммуникативтік, консультациялық, әдістемелік қызметті жүзеге асыру, жеке білім беру және түзету-дамыту бағдарламаларын сынақтан өткізу бойынша жұмысты жүргізу; барлық деңгейдегі инклюзивті білім берудің озық тәжірибесін зерделеу және енгізу; облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы.
4) құжаттарды қабылдау мерзімі: 12-21.01 қаңтар 2026 жыл
 Конкурс өткізу  күні: 23.01.2026 жыл сағат 15:00 басталады;
5) Қажетті құжаттар тізбесі: 
1) осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін 3-қосымшаға құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш; 
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
 4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді бұйрығымен мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама; 
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
 9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
 10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
 11) осы Қағидаларға , сәйкес нысан бойынша педагогтің бос 12 13-қосымшаларға немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы; 
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив