Педагогикалық кеңес – білім сапасын арттырудың басты тетігі!
2025 жылдың 30 қазанында Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-лицейінде №2 педагогикалық кеңес өтті.
Кеңесте бірқатар маңызды мәселелер талқыланды:

Қаулылардың орындалуы мен атқарылған жұмыстар сараланды;

І-тоқсанның білім сапасы талданып, үздік және «Алтын белгі» аттестатына үміткерлер ұсынылды;

Оқушылардың тамақтану сапасына мониторинг жүргізу нәтижелері тыңдалды;

4, 9, 11-сыныптардағы сынама тест қорытындылары мен ҰБТ-ға дайындық деңгейі қаралды;

Тереңдетілген математика сыныптарындағы оқу ерекшеліктері бағаланды;

Құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар талданды;

Сабақтарда қауіпсіздік техникасын сақтау мен денсаулықты қорғау шараларының жай-күйі қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жаңа міндеттер айқындалды.




