30
март
2026
Құттықтаймыз!
Информатика пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Кунбасова Гаухар Саветкалиевнаны Ыбырай Алтынсарин медалі иегері атануымен құттықтаймыз!
Ұстаздық – ұлы миссия. Осы жолда аянбай еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеуде үздік нәтижелерге қол жеткізген, білім беру ісіне сүбелі үлес қосқан педагогтер ғана осындай мәртебелі марапатқа ие болады. Сіз де сол биік сенім үдесінен шығып, кәсіби шеберлігіңізді, шығармашылық ізденісіңізді және шәкірттеріңізге деген шынайы жанашырлығыңызды дәлелдедіңіз.
Сіздің күнделікті еңбегіңіз – жас ұрпақтың болашағына салынған берік негіз. Білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, оқушылардың жан-жақты дамуына бағытталған жұмысыңыз көпке үлгі. Әрбір жетістікке жеткен шәкіртіңіз – Сіздің еңбегіңіздің айқын нәтижесі.
Бұл марапат – тек жеке жетістігіңіз ғана емес, сонымен қатар білім ордасының, әріптестеріңіздің ортақ қуанышы. Сіз ұжымда абыройлы, жауапты, жаңашыл ұстаз ретінде үлкен құрметке ие болып келесіз.
Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, тың бастамалар мен биік жетістіктер тілейміз! Еңбегіңіз елене берсін, мерейіңіз үстем болсын!
