15
ноябрь
2021
«Сыйлыққа кітап» акциясы
Владимир Савва атындағы № 9 жалпы білім беретін мектеп-лицейінің кітапханасында Отбасы күніне орай «Сыйлыққа кітап» акциясы өтті.
Кітап оқу – адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқарады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кітап оқу мен кітапханаларды қолдау қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін айрықша атап айтқаны баршамызға белгілі. Осы тарапта Жамбыл облысы Меркі ауданы Владимир Савва атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі кітапханасында Отбасы күніне «Сыйлыққа кітап» акциясы өтті.
Шараның бастамасы ретінде мектебіміздің түлектері, қазіргі таңда жас мамандары Мухтанова Анар және Мухтанова Жанар өзінің жеке кітапханасынан онға жуық түрлі тақырыптағы туындыларын сыйлады. Олардың арасында «Ана тіліне тағзым», «Канбак шал; Казахские народные сказки», «Зерек бол » сынды өскелең жас ұрпаққа қажетті орыс және шет ел жазушыларының басқа да таңдаулы шығармалары бар. Кітапхана қорын жаңа дүниелермен толықтыруға бағытталған бағалы бастама басқа да жанашыр жандардың тарапынан кеңінен қолдауға ие болуда. Алдағы уақытта оқушыларға бос уақыттарын тиімді пайдаланып, үнемі іздену арқылы тұлғалық болмысын дамыту үшін жаңаша жетістіктерге жетелейтін көркем әдебиеттер мен ғылыми әрі танымдық кітаптарды жиі оқуды тұрақты дәстүрге айналдырса уақыттың үдерісінен табылары даусыз. Бұл – қазіргі кездің ең басты да талабы.