10
декабрь
2021
Вакцинация — бұл инфекциялардан қорғаудың және адам өмірін құтқарудың қауіпсіз және тиімді әдісі.
Вакцинация — бұл инфекциялардан қорғаудың және адам өмірін құтқарудың қауіпсіз және тиімді әдісі.
Бүгінгі таңда вакцинация бүкіл әлемде жүргізіліп жатыр. Вакцинацияланған адамдардың есебінен ұжымдық иммунитет қалыптасады, бұл инфекцияның таралуына және эпидемияның пайда болуына кедергі болып табылады.Коронавирус инфекциясының таралуын тоқтатудың жалғыз жолы - жаппай вакцина салдыру. Сондықтан әр адам бұған үлкен жауапкершілікпен қарауы керек. Владимир Савва атындағы #9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 12-17жас аралығындағы оқушыларға ата-анасының рұқсатымен және де медицина қызметкерлерінің түсіндіру жұмыстары нәтижесінде оқушыларға вакцина салынуда. Біз өскелең ұрпақтың денсаулығына немқұрайлы қарамауымыз керек. Себебі, ел болашағы жастардың қолында.Ал, біз ол үшін міндетті түрде екпе салдыруымыз керек. Вакцинация аурулардан қорғайды, адам өмірін сақтайды және денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің кепілі болып табылады. Жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация тек вакцинацияланған адамның өзін ғана емес, айналасындағыларды да қорғауға мүмкіндік береді. Вакцинация — жұқпалы аурулардың алдын алудың жалғыз құралы екені естеріңізде болсын!
https://www.facebook.com/100006573949493/videos/191341286462909/