13
декабрь
2024
"Отаным менің Қазақстаным" атты патриоттық сынып сағаты
Желтоқсан айында мектепалды Ә сыныбында: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту мақсатында "Отаным менің Қазақстаным" атты патриоттық сынып сағаты өтті. Сынып сағаты барысында балалар Отан туралы тақпақтар айтып, әндер орындап, Қазақстанның рәміздері мен байлығы жайлы мағлұматтар алды. Іс-шара балалардың патриоттық сезімін дамытуға, елге деген құрметін қалыптастыруға ықпал етті.
